Жаңғырған ертегі желісі. Жұртта қалған Асан мен Үсеннің жаңа хикаясы көрерменді қуантпақ

«Асан мен Үсен»
(Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» ертегісінің желісімен.)
Авторы: Бақытбек Қадыр.
Жазушы, драматург, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Режиссері: Нұржігіт Муслимов
Жанры: ертегі
Жас айырмашылығы: 6+
Уақыт ұзақтығы: 1сағат.
Қысқаша мазмұны
Асан мен Үсен ойнап жүріп, ескерілмей, екеуі жұртта қалып қояды. Бір мезгілде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ. Асан айқай салып жылайды. Үсен ойланып, ойластыра бастайды. Әкесінің айтқан ақылын еске түсіре отырып, жол табуға тырысады. Осылайша, екеуі түрлі оқиғаларға мен, сан қилы кейіпкерлерге тап болады. Әр шығарма өз заманының үні мен үлгісін танытады. Бұл ертегіде жаңаша дәуірдің үйлесімділігін көрсете отырып, балаларға ерекше сыбаға ұсынады. Балалардың сүйікті кейіпкерлері: Таусоғар, Желаяқ, Көлтаусар, Саққұлақ сынды батырлар арқылы түрлі соқпақтан өтіп, ата- анасына қауышады. Асан мен Үсеннің ауылына, қиял көкжиегіне бірге саяқаттауға асығайық.