Еуроодақ Молдова әуе қорғанысын күшейту мақсатында 60 миллион еуро бөледі

ЕО Молдова қолдау көрсетіа, Әуе қорғанысы жүйесін жаңартуға 60 миллион еуро бөледі.
Еуропалық кеңес Еуропалық Бейбітшілік Қорының бағдарламасы аясында Кишиневке қаржылай қолдау көрсетіп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жаңғырту үшін 20 миллион еуро бөлетінін, Құрлық әскерлерінің ұтқырлығын қолдау мақсатында 40 миллион еуро бөлетінін мәлімдеді.
Осылайша, Еуропалық Кеңес Молдованың қорғаныс әлеуетін қолдау мақсатында екі қадамға барды. Бұл хақында Еуропалық кеңестің сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.
«Биыл біз Молдованың қарушы күштерін нығайту мақсатында әрі еуропалық бейбітшілік қорының іс-шаралары аясында 60 миллион еуро береміз, қаржылық қолдаудың көлемі бірде-бірте 200 миллион еуроға дейін жетеді. 2021 жылдан бергі қаршы ағынын есептер болсақ», — деді Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кай Каллас.
Каллас бұл инвестициялардың ел егементігін толық сақтауға негізделетінін атады. Сонымен қатар Молдова армиясын модернизациялауға және қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталғанын жеткізді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, 3 ақпан күні Ресей жөнелткен дрон Молдованың әуе кеңістігін бұзған, елдің бірнеше елді мекендерін төбесінен шарлаған. Ресей Федерациясының Украинаға қарсы басқыншылығы басталғалы ел аумағына екі ресейлік дрон құлаған.