Алматыға көбінде Үндістан туристерінің келіп жатқаны хабарланды

Соңғы бірнеше жылда Алматы қаласына шетелден келетін туристер саны да, ішкі туристер санының да артқаны хабарланды. Алматы қаласының әкімдігі бұл жайлы мәлімет бөлісті.
KursivMedia редакциясының жазуына қарағанда, Алматыға шетелден келетін туристер саны артқан. 2024 жылдың қорытындысы бойынша туристердің жалпы саны 14,8%-ға өсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 млн адамға жеткен. Оның ішінде шетелдік туристер саны 26,9%-ға өсіп, 686,3 мың адамнан асқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда айтарлықтай көп. 2023 жылы Алматыға шетелден 540,7 мың адам келген.
Ал Ішкі туристер саны 1,6 млн адамды құраған. Бұл 2023 жылдың статистикасымен салыстырғанда 10,4%-ға артық. 2023 жылы ішкі туристер саны 1,4 млн адамды құраған.
Негізінен алғанда, Алматыға көбінде Үндістаннан келетін туристер көп. Мысалы 2024 жылы Үндістан елінен келген туристер саны 2,4 есе өсіп, 115 мың адамды құраған. Ал екінші орында Қытай тұр. Бұл елден келетін азаматтар саны 50%-ға артып, 99 мың адамға жеткен. Содан кейін АҚШ-тан келетін туристер саны басым. Мұхит асып келетін америкалық туристер саны 2024 жылы 34,4%-ға артқан.
Сонымен бірге Түркиядан келетін қонақтар саны 12%-ға, Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны 3,2%-ға артқан. Сонымен бірге бұрынғы ТМД елдерінен келетін туристер саны бойынша Ресей бірінші орында тұр. Бұл елден Алматыға 2024 жылы 155 мың турист келген.