Алматыда электромобиль қуаттайтын 311 станция орнатылмақ
22.05.2025

Алматыда электромобильдерге арналған 311 қуаттау бекеті орнатылады. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Электр қуаттау бекетіне арнаулы жер бөлінеді:
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр қуаттау бекеттеріне арналған 311 жер учаскесін бөлді. Бұл бекеттердің әрқайсысын конкурс арқылы іріктелген отандық инвесторлар орнатады. Әр бекет екі автотұрақ орнын қамтиды, яғни барлық нысан іске қосылғаннан кейін қалада электр көліктерін қуаттауға арналған 622 жаңа орын пайда болады. Бекеттер базар, дәмхана, саябақ пен өзге де қоғамдық орын сынды халық көп жиналатын жерлерге орнатылады.