Galt & Taggart инвестициялық банкінің мәліметіне қарағанда, Грузияның халықаралық туризмнен түсетін кірісі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 2 млрд-қа жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,2% — ға өскен.

Business Media порталы мұны рекорд деп жазды.

Осы жылдың екінші тоқсанында туризм Грузия экономикасы 1,2 млрд пайдаға кенелді. Мұның өзі бұрынғы нәтижеге қарағанда 9,1% өскен. Galt & Taggart 2025 жылдың қорытындысын болжап көрді. Портал туризмнен жалпы 4,5 миллиард долларға пайда түседі деп отыр.

Грузияның ұлттық туризм әкімшілігінің жазуынша,  2025 жылдың екінші тоқсанында елге шетелден 1,6 млн қонақ барған (7% — ға өсті). Оның 80,1%-ы елде түнеп, аймақтарын кезіп, толық сапарлаған Ал бір күнге ғана келіп-кететіндердің қатары сиреп, 5,4% — ға қысқарған.

Қонақтардың қатарында ресейліктер көш бастап тұр (+16,0%). Кейінгі қатарда Еуроодақ елдері (+20,5%), Армения (+7,2%), Үндістан (+33,5%) бар. Сондай-ақ, Әзірбайжаннан келген туристердің саны да артып келеді.  Олардың саны шекара жабық болса да, 46,7%-ға өсті.

Түркия (-16,5%) мен Ираннан (-8,2%) баратын туристердің саны азайған.

Еске сала кетейік, бірінші тоқсанда Қазақстан азаматтары да тізімнен табылған. Олар Грузияға баратын  топ-10-дыққа кірген еді.