Жапония 2030 жылға қарай сырттан 840 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр. 

2030 жылға қарай Жапония жағы шетелдік капиталды көбірек тартуға және аймақтар экономикасын жандандыруға күш салмақ. Сонымен қатар үкімет елдегі жұмыс істейтін азаматтар санының азаюына да тосқауыл қойып, сырттан тікелей келетін инвестиция көлемін 120 триллион йенге (840 миллиард доллар) дейін ұлғайтуды көздеген.

Дүйсенбіде осы мәселені бақылайтын комиссия арнаулы бағдарлама жариялады. Бағдарламаға сәйкес, үкімет мақсатты түрде жұмсалатын 100 триллион йен көлемін 20%-ға арттырмақ.

Сондай-ақ құжатта 2030 жылға қатар жинақталатын 150 триллион иен көлеміндегі нвестицияны дұрыс, тиімді пайдаға асыру мақсаты нақтыланған.