«Жалған клиника иелері». Зейнетақы қорынан 46 млрд теңгені заңсыз шығарған үш азамат іздестіріліп жатыр
фото: standard.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр. Олар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Агенттік күдікке ілінген азаматтарға қатысты дерек жариялады:
— Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т. Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т. Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.
Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.
Сонымен қатар агенттік үш азаматқа қандай шара қолданылатынын хабарлады:
— Дүйсенов А.Қ., Иманбаев Г., Елеушев Е.Б.-ке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды. Айыпталушылардың бірі — Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған, — деп жазды агенттік.