Ғалымдар атмосферадағы ауаны суға айналдардыратын тың құрылғы ойлап тапты. Массачусетс технология институтының инженерлері таза әрі арзан ауыз су алатын жаңа «қайнар көзін» тапты. Енді ауадан да су өндіріледі.

Ғалымдар тобы атмосферадан су сауатын жаңа құралды жасап, сынап көрді. Тың туынды буды тұтып, су тамшыларын түзіп, тіпті, қапырық ыстықта та су алуға мүмкіндік береді.

Жаңа құрылғы гидрогель материалынан дайындалып, салқындатқыш қатпармен қапталған, шыны камерамен қоршалған қара панень.

Гидрогель ауадағы буды сіңіреді, кейін бу оригамиге айналады. Будан шыққан су тамшылары әйнекке тұнып, кейін төмен қарай жылыстап, түтік арқылы таза, ішуге болатын су болып ағады.

Жүйе толықтай қуат көзінсіз, өздігінен жұмыс істейді. Команда құрылғымен бір аптадан астам уақыт бойы Калифорнияда, Солтүстік Американың ең құрғақ аймағында жұмыс істеді. Ылғалдыл өте төмен болса да, құрылғы ауадан күніне ауадан 160 миллилитрге дейін (шыныаяқтың үштен екісі) су сорған.

Команданың бағалауы бойынша, шағын массивке орнатылған бірнеше тік панельдер құрғақ шөлде мандытып су өндіре қоймайды. Жүйе ылғалы мол жерде, атап айтқанда қоңыржай және тропикалық климатта жақсы су өндіріп, үйді толық ауыз сумен қамтамасыз ете алады.