Өзбекстанда 15 жастағы оқушы қызды алған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

фото: uznews.uz
Өзбекстанның Сұрхандария облысында 15 жастағы қызды 28 жастағы жігітке күштеп күйеуге берген. Бір азамат қаржылай пайда алу үшін оларға шариғат бойынша неке қиған, деп хабарлайды Өзбекстанның балалар құқықтары жөніндегі уәкілі.
Анықталғандай, 7 тамыз күні Денов ауданында тұратын 1958 жылы туған әйел кәмелеттік жасқа толмаған немересі А.Р.-ны (2009 ж.т. қыз бала) сол ауданда тұратын М.Р.(1997 ж.т.) есімді азаматқа күйеуге берген.
А.Р. кәмелеттік жасқа толмағандығына байланысты М.Р.-мен заңда белгіленген тәртіппен есепке алынбаған, азамат И.М (1950 жылы туған ер адам) материалдық пайда алу мақсатында оларға діни неке қию рәсімін жасаған.
Осы оқиға бойынша И.М.-ға қатысты ӨР ҚК-нің 125-1-бабымен, азамат М.Р-ға қатысты ӨР ҚК-нің 128-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді Денов аудандық ішкі істер бөліміне қарасты тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.