Қытай инновациясы дамыған ел ретінде Германияны басып озды

Қытай алғаш рет БҰҰ-ның инновациялық саясат жөніндегі жыл сайынғы рейтингінде үздік ондыққа еніп, Германияны ығыстырды.
АЗЕРТАДЖ хабарлауына қарағанда, жаһандық инновациялық индекс бойынша Қытай 10-орынға жайғасты.Бейжің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге белсенді түрде инвестиция салып жатыр.Ал Германия 11-орынды иеленді.
Швейцария 2011 жылдан бері үздік көрсеткішін сақтап, бірінші орынды иеленді, одан кейін Швеция мен АҚШ тұр.
2024 жылы халықаралық патенттік өтінімдердің шамамен төрттен бірі Қытайға тиесілі болды. Бұл ел әлі де олардың ең ірі өндірушісі болып отыр. Ал АҚШ, Жапония және Германияға барлық өтінімнің 40 пайызы тиесілі.
АҚШ-тан кейін және Қытайдың алдында алғашқы ондыққа енген елдер қатарындп: Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания, Финляндия, Нидерланды және Дания бар.