Энергетик, кенші немесе машина жасаушы мамандығы жаңа қырынан – заманауи, қызықты әрі болашағы бар сала ретінде ашылатын портал елестетіп көріңіз. Дәл осындай сайт – YouthIndustry.kz бүгін Қазақстанда іске қосылды.

Қазақстан өнеркәсібіне адами қырынан қарау дегеніміз – мысалы, «Қай кәсіпорында отбасыны ертерек құруға болады?» деген сұраққа жауап табу. Ал өзін-өзі дамытуды қалайтындар үшін – «Қай жерде 30 жаста зауыт директоры болуға мүмкіндік бар?».

Ал тұрғын үй мәселесі ше?

YouthIndustry.kz сайтында жастарды толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап бар.

Неге дәл қазір маңызды?

2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Мемлекет экономиканың негізін қолымен, білімімен және инженерлік көзқарасымен құрып жатқан адамдарға басымдық беріп отыр. YouthIndustry.kz – бұл жастарға қарапайым жауаптар, интерактивті квиздер мен шынайы оқиғалар арқылы үн қататын алаң.

YouthIndustry.kz немен таңқалдырады?

  • Квиздер мен тесттер– дағдыларыңды тексеріп, саған жақын кәсіпті табу үшін.
  • Карьералық тректер– алғашқы тәжірибеден көшбасшылыққа дейінгі нақты қадамдар.
  • Мамандардың тарихы– зауыттарда өз мансабын бастап кеткен жастардың әңгімелері.
  • Әлеуметтік пакет– баспана, тағылымдама, оқу, отбасы құру мен жастарды бағалайтын компанияларда даму мүмкіндіктері.

Жастар + индустрия = болашақ

Бүгінде Қазақстан индустриясында 1,14 млн адам еңбек етеді (жұмыс істейтіндердің 12,5%). Ел кәсіпорындарында тағы 40 мың бос жұмыс орны бар. Кәсіпорындарға жастар қажет, алайда көпшілігі болашағын IT, блогерлік немесе қызмет көрсету саласымен байланыстырады. YouthIndustry.kz бұл стереотиптерді бұзады: зауыттар мен турбиналардың артында тек «темір мен бірсарынды жұмыс» емес, заманауи технология, тұрақты табыс пен өзін-өзі дамытуға, қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

«Біз YouthIndustry.kz алаңын жастардың өнеркәсіпке кіру нүктесі ретінде жасадық. Мұнда мамандықтар тірі кейіпке еніп, абстрактылы болудан қалады. Индустрия – өткен емес, болашақ екенін осы жерден көруге болады», – дейді жоба ұйымдастырушылары.

ERG, «Қазцинк» және KEGOC сияқты өнеркәсіп алыптарының қолдауы жобаның маңыздылығын және жаңа буын мамандарын даярлаудағы үлесін дәлелдейді.

Сіз де www.youthindustry.kz сайтындағы интерактивтер арқылы өз біліміңізді тексере аласыз.
Бұл – тек бастамасы: жақында жаңа гидтер, оқиғалар мен құралдар пайда болып, жастарға Қазақстан өнеркәсібінде мансап құруға көмектеседі.

БАҚ үшін байланыс:
 Фатима Қосаева, жоба менеджері
+7 707 902 68 12 | fatima@steppeup.kz