Венесуэлада 400-ден астам адам бостандыққа шықты – Reuters
Фото: Pedro Mattey/AFP/Getty Images
Венесуэлада тұтқындарды босату процесі жүріп жатыр, бүгінде 400-ден астам адам түрмеден босатылған. Бұл туралы Ұлттық ассамблеясы төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Алайда саясаткер бұғаудан шыққан адамдардың аты-жөнін атаған жоқ, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Парламент отырысында Хорхе Родригес сөз алып, босатылғандардың қатарында «саяси тұтқындар емес, заң мен Конституцияны бұзған кейбір саясаткерлер, сондай-ақ Венесуэлаға АҚШ-тың басып кіруіне шақырған тұлғалар» бар екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл шешім елдегі «бейбіт қатар өмір сүруге жағдай жасау» мақсатында қабылданған.
Reuters агенттігінің бұған дейін де Венесуэла билігі 116 адамның бостандыққа шыққанын хабарлаған болатын.
Алайда бірқатар жергілікті үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары 8 қаңтардан бері елде небәрі 60–70 тұтқын ғана босатылғанын мәлімдеп отыр. Олар биліктің баяу әрекетін сынап, тұтқындарды босату жөнінде нақты ақпарат бермей отырғанын мінеді.
Венесуэла үкіметі елде саяси себепке бола қамауға алынған адамдардың барын үнемі жоққа шығарып келеді. Биліктің мәлімдеуіне қарасақ, 2024 жылғы сайлаудан кейін ұсталған 2000-ға жуық адамның басым бөлігі қазір еркін жүр.