Универсиадада алғашқы алтын: Қазақстан спортшысы таеквондодан бірінші орын иеленді
22.07.2025

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. 21 жастағы спортшы Германияда өтіп жатқан дүниежүзілік студенттік ойындарының таеквондо бәсекесінде 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда ол Түркия спортшысы Өмер Дайоғлумен жекпе-жекке шығып, тартысты ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Абабакировтың бұл жеңісі — Қазақстан құрамасының Универсиададағы алғашқы алтын медалі. Бұл жеңіс ел спортшылары үшін сәтті бастама болды.