Универсиада 2025: Қазақстан халықаралық бәйгеде 37 орында

27 шілде күні Германияда өткен XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Биыл спорттың 18 түрінен Дуйсберг, Бохум, Эссен, Хаген мен Берлинде спорт жарыстары өтті. Студенттік спорт ойындарына әлемнің 160 елінен 8.5 мың спортшы қатысты. Ал Қазақстандық 75 студент спорттың 12 түрінен сынға түсіп, еліміздің қоржынына 1 алтын және 10 қола медаль салды. Соңғы қорытынды бойынша Қазақстан 11 медаль иеленіп, әлемнің 58 елінің ішінде 37 орынға тұрақтады.
Универсиада нәтижесінің алғашқы үштігінде Жапония, Қытай мен АҚШ бар. Бірінші орын иеленген күншығыс елі жалпы 79 медаль, оның ішінде 34 алтын, 21 күміс, 24 қола медальмен көш бастаса, Қытай 30 алтын, 27 күміс және 17 қола медаль жеңіп екінші орынға тұрақтады. Ал АҚШ 28 алтын, 27 күміс, 29 қола жүлдемен үштікті қорытындылады.
Еске сала кетейік еліміздің алғашқы алтын жүлдесін Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров алды. 21 жастағы спортшы Германияда өткен дүниежүзілік студенттік ойындарда таеквондо бәсекесінде 67 келі салмақ дәрежесінде ойын көрсетті.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай