Трамп ушықтырған сауда соғысы әлемді шығынға батырды. Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, соғыс жер-жиһанға 34 миллиард доллар шығын әкелген. 

Бұл S&P500 индексіндегі 32 компанияның, еуропалық STOXX 600-дегі үш компанияның және Nikkei 225-тегі 21 жапондық компанияның шығындарын жиынтық бағалау есебі.

Йель басқару мектебінің профессоры Джеффри Сонненфельдің сөзіне сенсек, осы 34 миллиард долларды сенімді түрде екі немесе үш есе көбейтуге болады.

Алайда көптеген ірі шетелдік компаниялар пайда туралы болжамдарын төмендеткені, кейбірінің болжамдарды жариялаудан бас тартқаны да айтылды.