Трамп әкімшілігі 19 елден келген мигрант азаматтың грин-картасын тексермек
Трамп әкімшілігі АҚШ-қа 19 елден иммиграцияланған тұлғаларға берілген грин-картаны қайта тексеретінін хабарлады. Бұл шешім Ақ үй маңында Ұлттық гвардия сарбаздарына жасалған қарулы шабуылдан кейін қабылданды. Шабуылға Ауғанстан азаматы күдікті ретінде ұсталған.
АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметінің (USCIS) басшысы Джозеф Эдлоудың айтуына қарағанда, президент USCIS басшысына «күдік тудыратын әрбір елдің әрбір азаматына берілген грин-картаның толық және мұқият қайта тексерілуін» тапсырған.
BBC сұрағына жауап берген иммиграция қызметі тізімге қай елдің кіргенін нақтыламай, Дональд Трамптың маусым айындағы жарлығына сілтеме жасады. Бұл жарлықта Азия, Африка және Латын Америкасының 12 елінің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынған, сондай-ақ тағы жеті елдің азаматтарына шектеу қойылған.
Грин-карталарды қайта қарау туралы мәлімдеме сәрсенбі күні Вашингтонда Ұлттық гвардияның екі әскери қызметкеріне оқ атқан деген күдікпен Ауғанстан азаматы ұсталғаннан кейін жасалды. Зардап шеккендердің екеуі де ауыр жарақат алған. Әскеридің бірі — Сара Бекстром ауруханада көз жұмды.
Күдікті Рахманулла Лаканвал АҚШ-қа 2021 жылы, америкалық әскердің Ауғанстаннан шығарылуынан кейін ауған азаматтарына ерекше қорғаныс беруді көздеген бағдарламамен келген.
Қайта тексерудің қандай форматта жүргізілетіні туралы нақты мәліметтер жарияланған жоқ. Иммиграция қызметі BBC-ге сілтеме жасап, материалда Трамптың маусым айындағы жарлығында АҚШ-тың қауіпсіздігіні қаматамасыз ету мақсатында шетел азаматтарының кіруін шектеу жөнінде айтылғанын мәлімдеді.
Грин-карталары қайта тексерілетін елдер қатарында Мьянма, Чад, Конго және Ливия да бар. Трамп өзіне дейінгі билік өкілдері әлемнің түкпір-түкпірінен белгісіз, тексерілмеген 20 миллион шетелдікті кіргізді. Ешбір ел өз болашағына мұндай қатер төндіре алмайды, деді президент Трамп
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай