Дональд Трамп «Алтын карта» деген жаңа сайт жасақтап, Америкаға «төте жол»  сызбақшы.

АҚШ президенті Дональд Трамп «алтын карта» алу үшін «күту кезеңі» ашылғанын жариялады, тіркелу құны — 5 миллион доллар. Трамптың хабарлауына қарағанда, trumpcard.gov Америка Құрама Штаттарына заңды жетудің, яғни иммиграцияның төте жолы.

Америка басшысы АҚШ-та тұрақты түрде тұруға жол ашатын «алтын карта» алуға қызыққандарға қарата сөз айтты. Қалай  тіркелуге болатынын түсіндірді:

«Мыңдаған адам қоңырау шалады, менен бүкіл әлемдегі ең жақсы ел мен нарыққа апаратын ғажайып жолды сұрайды. Бұл ел — Америка Құрама Штаттары деп аталады! Күту тізімі ашық», — деп жазды Трамп Truth Social-да.

Шетел азаматтары «Алтын карта» алу мерзімі басталғаны жайлы хабарлама алу үшін есім-cойын, тұратын жерін және электрондық поштасын қалдыра алады.