Облыста тері өңдеу зауытының жұмысы қайта жанданды. Кәсіпорынның қайта іске қосылуына Ираннан келген инвесторлардың қолдауы ықпал етті. Зауыт жыл сайын 185 мың ірі қара мен 630 мың ұсақ малдың терісін өңдей алады. Алдағы уақытта мұнда киік терісі мен ұсақ малдың ішкі құрылысын өңдеуге арналған жаңа цехтар салу жоспарланып отыр.