Түркияда халқына сөзі өтімді әкім, белгілі саясаткер сотталып кетті

Түркиядағы Ыстанбұл қаласының әкімі, белгілі саясаткер Екрем Имамұлына қатысты сот үкімі шығып, 1 жыл, 8 айға бас бостандығы шектелді.
Euronews порталының хабарлауына қарағанда, шенеунік мемлекет айыптаушысын қорлау және қорқыты деп сотталды. Сот үкіміне сәйкес, шаһар басшысына саяси қызметпен айналысуға тыйым салынған жоқ. Оның адвокаттары үкімге шағым түсіретіндерін айтты.
«Мен ешкімді қорқытқан жоқпын… Мен сот жүйесін саяси қару ретінде пайдалануға қарсы күресіп келемін. Бұл ұлтты қорлау деген сөз», – деп жазды Имамұлы әлеуметтік желіде.
Сот отырысы Ыстанбұлдағы Силиври түрмесінде өткен. Cаясаткер сот шешіміне қандай да бір қысымның ықпал еткенін жазады.
Саяси сарапшылардың айтқанына сенсек, Имамұлы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның 2028 жылы өтетін сайлаудағы басты қарсыласы саналады. Саясаткер 2019 жылдан бері Ыстанбұл қаласының мэрі қызметін атқарды.
Қамауға алынғаннан кейін оның өкілеттігі уақытша тоқтатылды. Әкімді 19 наурыз күні жемқорлыққа қарсы операция кезінде қамаған еді.