Түркиенің әскери әлеуеті еселенді. Bayraktar TB3 дроны 100 сынақты сәтті өткерді

Bayraktar TB3 дроны 28 мамырдан 2 маусымға дейін созылған cынақты сәтті өткерді. Инновация өздігінен 100 мәрте ұшып-қонып, автономды басқару, ЖИ жедеғабылдығы сынды қадамдардың тиімді екенін айғақтады.
Түркия дроны адамның араласуынан бөлек, яғни жасанды интеллект арқылы іске жегілді, TCG Anadolu кемесінің алаңында ұшып-қонды, MAM-L оғымен нысанаға дөп тиіп, дыбыстан жылдам делінетін зымырандарын нақ бағыттады.
TCG Anadolu бортында өткен соңғы сынақтар кезінде визуалды жасанды интеллект қолданылған, толық автоматтандырылған ұшу және қону жүйелері сынақтан сәтті өткен.
Bayraktar TB3 барлық сынақ рейстерін есепке алғанда, құрылғы көк жүзінде 1167 сағат, 8 минут қалқыған. Сынақ есебіндегі ұшу саны — 709.
Түркия медиасының хабарлауына қарағанда, дрон алдағы уақытта ұзақ қашықтан байланыс орнатау құрылғысымен жабдықталмақ. Нәтижесінде, барлау, бақылау, ертеуілдеу, тың аймақтарды шолу ісі жеңілдемек. Сондай-ақ теңізден тысқары орналасқан нысандарға нақ дәлдікпен соққы беру мүмкіндігі туады деп хабарланды.
(15) Bayraktar TB3 TCG Anadolu’da 100 sortiyi tamamladı — YouTube