Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қайта құрылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылды

Барлық құқық қорғау органдары бір апта тексерістен өтті. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қайта құру туралы шешім қабылдады.
Енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құралады.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын.
3. Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін…
…Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев, — деп хабарлады Ақорда.
Айта кетейік, талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жоюға қатысты нақты ұсыныстар әзірленген. Құзырлы органдар бұл аталмыш кілтипандарды қысқа мерзімде пысықтауға тиіс.
Барлық процесті Президент Әкімшілігі бақыламақ.