Қытайдың Фошань қаласында чикунгунья қызбасы жылдам тарала бастады. Бұл жайлы Синьхуа хабарлады.

Жұқпа сырттан жеткен, жергілікті деңгейде тез тараған.

Қытайдағы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алғашқы дертті 8 шілдеде анықталған. 15 шілдедегі жағдай бойынша 478 адамға жұққан. Барлығы жұқпалы қызбаны жеңіл өткеріп жатқаны хаабрланды.

Негізгі жұқтыру ошақтары – Лэцун, Бэйцзяо және Чэньцунь елді мекендері.

Чикунгунья қызбасы — Aedes масалары арқылы таралатын жіті вирустық ауру.

Басты белгілері – жоғары дене қызуы, бөртпе, буындардың сырқырауы. Дене қызып, ауырған адамның үсті бөртіп кетеді.

Ыстық әрі ылғалды ауа райында өршіп, маса мен жәндіктер арқылы таралады.

Сарапшылар тұрғындарға ескрту жасап, масалардың көбеюіне тосқауыл болуға шақырды, борсыған суды төгіп, контейнерлерді тазалап тұруға және арнайы қорғану құралдарын қолдануға кеңес береді. Ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге жүгініп, жәндік шаққанын немесе қай жаққа барғанын хабарлау қажет.