«Сом алтынның асыл сынығы еді». Мұхтар Мағауиннің үлкен ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті
24.06.2025

Мұхтар Мағауиннің үлкен ұлы Мағжан Мағауиннің өмірден өтті.
Қаралы хабарды халқына Айдар Қырықбай естіртті.
— Ұлы жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті.Иманды болсын , — деп жазды ол.
23 маусым күні атақты қаламгер Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады.
Жазушының ұлы өмір бойы Алматыда тұрған еді. Жалпы Мұхтар Мағауиннен төрт ұл, екі қыз тараған.
Мағжан Мағауин биыл қаңтарда әкесімен соңғы рет Түркияда жолыққанын айтып, естелігімен бөліскен еді.
Редакция атынан атынан марқұмның барлық туыстары мен қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз.