Украина президенті Владимир Зеленский хабарлағандай, Абу-Дабиде делегациялар арасындағы келіссөз «аяқталуға таяған», кездескен тараптар «соғысты аяқтау жайын» талқылаған.

Зеленский өз телеграм-каналында былай деп мәлімдеді:

«Маған украиналық өкілдер дерлік әр сағат сайын есеп береді — олар қазір Эмираттарда. Бүгін украиналық, америкалық және ресейлік делегациялар кездесіп, әңгімелесті. Бұл маңызды, себебі ұзақ уақыт бойы мұндай үш жақты кездесулер болмаған еді», — деді президент.

Оның сөзінше, «бүгінгі келіссөздің мазмұнына қатысты қорытынды жасауға әлі ерте — әңгіменің қалай өрбитінін, нәтижелері қандай болатынын ертең көреміз».