Ресейдің басқыншыл әрекеті салдарынан Украинада 630-дан астам бала қаза тапқан. 

Соғыс кезінде Украинада 631 бала қайтыс болды, 1975 бала жарақат алды, деп хабарлады Украина Бас Прокурорының кеңсесі.

Соғыстан Донецк, Харьков, Херсон, Днепропетровск, Киев, Запорожье, Николаев және Сумы облыстарындағы балалар қатты зардап шекті. Украина өкілдерінің хабарлауына қарағанда, бұл толық дерек емес. Есімдері расталған адамдарға ғана қатысты мәлімет.

Соғыс болып жатқан және жат қолында қалған жердегі қаза тапқан перзенттерді санау мүмкін болмағаны да ескертілді.