«Әскерімізде әлімжеттік атымен жоқ». Қорғаныс министрі әскердегі заңсыз әрекеттер жайлы ештеңе білмеймін деп айтты
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қазақстан армиясында болып жатқан әлімжеттік пен заңсыз әрекеттер жайлы ештеңе білмейді.
Журналистер Сенатта министрге жолығып, сауал қойды. Бұрын армияда қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарымен не себепті жолықпағанын білмек болды.
«Қандай заңсыздықты айтасыз? Әлімжеттік деген әскерде атымен жоқ!»- деді Қосанов.
Сонымен қатар журналистер Қазақстан әскерінде ай сайын қаза тауып жатқан сарбаздар жайын жеткізді. Бұған Қосанова күле жауап қатты:
«А, солай ма не!»- деді Қорғаныс министрлігінің басшысы.
Естеріңізге сала кетейік,10 қараша күні Астанада митинг өткен. Қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналары әскерде түбегейлі реформа жүргізуді талап етті. Сондай-ақ ел үкіметіне бірқатар талап қойды.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Астанада өткен митиңге шыққан аналарға жауап беріп, әскери қауіпсіздікке жіті көңіл бөлінеді деп айтты.