Сирияда друздар мен сүннит өкілдері қақтығысып, 37 адам қаза тапты

Фото: Omar Albam/AP Photo/picture alliance
Друздар коныс депкен Сувейда елді мекенінде бәдәуи тайпалары мен содырлар қақтығысты. Дамаск-Сувейда тас жолы жабылып, қарауылдауға әскери қызметкерлер барған.
Сирияның адам құқықтары жөніндегі Бақылау кеңесі (Sohr) қақтығыс жайлы хабар айтты. Сирияның оңтүстігінде орналасқан Сувейда қаласында көшпелі тайпалар мен жергілікті содырлар шиеленісіп, 37 адамның қаза тапқан.
Құқық қорғаушылардың айтуына қарағанда, қайтыс болған 37 адамның 27-сі друздар, оның ішінде екі бала бар. Он марқұм көшпелі тайпа өкілі болған. Айқастан кейін Дамаск-Сувейда тас жолы жабылды.
Сирияның ішкі істер министрлігі 100-ге жуық тұрғын жараланды деп айтты.Қорғаныс министрлігі қарауылдарды жөнелтіп жатыр. ІІМ-нің мәлімдемесіне сәйкес, бұл күштер қақтығыстарды реттеу, қақтығыстарды тоқтату, тәртіп орнату, кінәлілерді қудалау және оларды сотқа беру ісіне тікелей араласады.