Швециядағы музейлерді аралауға баратын қонақтар саны сиреген, ал диджитал саяхатшылар саны артқан
Өткен жылы Швециядағы музей қонақтарының саны алдыңғы жылға қарағандар 1,8 пайызға азайған. Ал мұражай ішін офлайн форматта 19,6 миллионға жуық адам сапарлаған.
Бұл деректер 230 музей мен филиалдарынан жиналған мәліметтерге негізделген, «Швеция музейлері» ұйымының жыл сайынғы есебінде келтірілген.
Сонымен қатар музейлердің диджитал аудиториясы айтарлықтай өскен. Сала өкілдерінің айтуына қарағанда, онлайн арнаға қосылған белсенді қолданушылар саны артып келеді, мұның өзі ақпарат кеңістігіндегі мұражайлардың тұғырын нығайтады.
Мәселен, музейлердің веб-сайттарын ашқан адам саны 2024 жылы 24 миллионнан болса, өткен жылы 32 миллионға дейін артқан. Арнайы сапарлап келетіндердің саны кеміген, бірақ 76 музейге келушілер саны еселенген.
Өткен жылы қонақтардың басым бөлігі XVII ғасырдан қалған «Васа» кемесі музейі, «Скансен» ашық аспан астындағы этнографиялық кешені және Солтүстік елдер музейін аралаған.