Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 80-нен аса туысы ел билігінде қызмет етеді
BBC есебінше, Қадыровтың 80-нен астам туысы Шешенстан билігінің жоғары лауазымын иеленіп отыр.
Шешенстандағы саяси өзгерістер, соның ішінде республика басшысының балаларының билікке келуі, 2019 жылдан басталды — сол кезде Қадыров ауыр дертке шалдыққаны туралы алғашқы қауесет тараған еді.
Қадыровтың мұрагері ретінде оның 17 жастағы ұлы Адам саналады, ол жақында Шешенстан ІІМ-нің кураторы болып тағайындалды. Адамның мансаптық жолы Рамзан Қадыровтың өз жолына ұқсайды: алдымен — жеке гвардия, кейін — ІІМ-де кураторлық, ал одан соң — Қауіпсіздік кеңесіндегі немесе үкіметтегі лауазым.
Шешенстанда жоғары билікке апарар негізгі жол — күштік құрылымдарды бақылау. Сондықтан сарапшылардың пайымдауынша, Рамзан Қадыров дәл Адамды өзіне мұрагер етіп дайындап жатыр.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, Қадыров биліктен кетсе де, туыстары республикадағы түрлі қызметке орналасып, алдын ала қамданған.
Республика басшысының жақындары тек марапат мен ресми лауазым алып қана қоймай, өңірдегі қаржы айналымын да бақылауда ұстайды.
Алайда бұл мансап жолы Қадыровтың туыстарына болашаққа қандай да бір кепілдік бере ме, жоқ па белгісіз.
Қадыровтың туысы болу — бұл, әрине, өте мықты артықшылық, мұның өзі лауазымдағы қызметкермен тең, — дейді құқық қорғаушы Игорь Каляпин.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай