Сауд Арабиясында қытайлар құрған жасанды интеллект науқастарды емдей бастады

Сауд Арабия жерінде қытайлық Synyi Аi компаниясының жасанды интеллектісі іске қосылып, әлемдегі алғашқы клиника ашылды. Емханаға келген науқастарды жасанды интеллектінің өзі тексеріп, дәрі-дәрмек жазады, емдеу жолдарын түсіндіреді.
inbusiness.kz сайтының жазуына қарағанда, Сауд Арабияда жасанды интеллект науқастарды емдей бастаған.
Науқастарды Dr. Hua есімді «дәрігер» қабылдайды. Құрылғы планшет арқылы шағымдарды жинап, медициналық көрсеткіштерді талдайды және емдеу жоспарын құрады. Кейін ЖИ қызметін кәсіпқой дәрігер тексереді.
«Бұл жасанды инттелекке мүмкіндік беріп, науқастарды тікелей диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін соңғы қадам. Тестілеудің алдыңғы кезеңінде AI қателіктерінің деңгейі 0,3 пайыздан аз болды», — дейді Synyi AI бас директоры Чжан Шаодян.
Әзірге Dr. Hua 30 түрлі ауруды анықтайды. Бірақ ЖИ мүмкіндігін арттырып, қызметін 50 диагнозға дейін кеңейту және жаңа клиникалар ашу жоспарланып отыр.
Бірнеше ондаған пациенттер бұл қызметті тегін пайдаланды. Сынақтар аяқталғаннан кейін диагностикалық деректер Сауд Арабиясы басшылығына ұсынылып, мақұлдау үшін жіберіледі. ЖИ-ге рұқсат 18 ай ішінде берілуі мүмкін.