Сауд Арабиясы алкоголь өнімдерін сатуға қатысты ережеге өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Bloomberg агенттігінің дерегіне қарағанда, енді айлық табысы кемінде 50 мың риал (шамамен $13,3 мың) болатын, мұсылман емес шетелдіктерге Эр-Риядтағы жалғыз алкоголь дүкеніне кіруге рұқсат берілуі мүмкін.
Агенттіктің дереккөздері бұл дүкен былтыр ашылып, алғашында тек шетелдік дипломаттарға ғана қызмет көрсеткенін айтады. Жуырда ол «премиум-резидент» мәртебесі бар мұсылман емес азаматтарға да қолжетімді болды. Енді билік жоғары табысты шетелдіктерге деалкоголь сату мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Дүкенге кіру үшін сатып алушылар ай сайынғы жалақысын растайтын құжат көрсетуге тиіс.
Сарапшылардың бағалауына қарағанда, алкоголь сату талабын жеңілдету Эр-Риядтың әлеуметтік шектеулерді азайтып, туризмді дамыту және халықаралық бизнес пен инвестицияны арттыру үшін қажет.