Сан-Францискода шеруге шыққандар. Наразы топ Кеңес Одағынан қалған «қызыл тудың астында» бас көтерді

Сан-Францискодағы наразы топ демонстрация кезінде Кеңес Одағының қызыл жалауын алып шықты. Президент шерулеткендерді мүйіздеп, Лос-Анджелесті заңсыз мигранттар мен қылмыскерлер басып алды деп мәлімдеді.
6 маусым күні Лос-Анджелесте заңсыз мигранттар жаппай ұсталды. Қалада демонстрациялар басталып, шерулеткендер мен полицейлер қақтығысты. Ақ үй наразылықты айыптап, «бүлік» деп атады.
АҚШ президенті Дональд Трамп мигранттарды айыптай сөйлеп, қалада қылмыскерлердің «тамыр жайып алғанына» ашынды:
— Бір кездері Американың ұлы қаласы болған Лос-Анджелесті заңсыз мигранттар мен қылмыскерлер басып алған. Қазір зорлық-зомбылық көрсетуден тартынбайтын бүлікшіл тобыр депортация операцияларын тоқтатуға тырысып, біздің федералды агенттерімізге шабуыл жасады. Бірақ бұл заңсыз тәртіпсіздікке қарсы біз де өршелене түсеміз. Мен ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм, Қорғаныс министрі Пит Хегсет және Бас прокурор Пам Бондиге сынды барлық тиісті ведомстволармен және агенттіктермен келісе отырып, Лос-Анджелесті мигранттардан босату және осы мигранттардың бүліктерін тоқтату үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Тәртіп болады, бәрі қалпына келіп, заңсыз иммигранттар шығарылып, Лос-Анджелес қайтадан бостандыққа жетеді. Осы мәселеге назар аударғаныңыз үшін рақмет! — деп жазды Трамп.