Қазақстанда сәуір айы бойынша жылдық инфляция 10,7% жетіп, наурыздадағы 10,0% көрсеткіштен асып жығылды.

Ұлттық банк  инфляциялық үрдістерге қатысты есебін жариялады. 

Жылдық инфляция 18 өңірде қарқынды өсіп, ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді. Елорда көрсеткіші — 13,8%.

Сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдағы жағдаймен салыстырғанда 8,5%-ға қымбаттаған.  Тауарлардың бағасы Ақмола облысында (11,2%) айтарлықтай жоғары өсім көрсетті. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында 6,8%-ға ғана өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өткен жылға қарағанда 8,9%-ға (наурызда – 9,1%) дейін баяулады. Түркістан облысында  14,8% көрсеткішпен алға шықса, ең төменгі мән Павлодар облысында (5,9%) тіркелді.

Ақылы көрсетілетін қызмет бағасы да 15,7%-ға (наурызда – 14,3%) қымбаттап отыр. Сонымен қатар  Алматы қаласында (20,0%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары. Ал Павлодар облысында қызмет құнының өсімі 8,6%-бен шектелді.

Сәуір айы бойынша Қазақстандағы айлық инфляция 1,2% болды. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 12%-ға баруы мүмкін деген еді.