Родригес АҚШ үкіметіне «ынтымақтасайық» деп ұсыныс айтты
Венесуэланың уақытша президенті міндетін атқарушы Делси Родригес елінің бейбітшілікке берік екенін және АҚШ-пен «теңгерімді әрі өзара құрметке негізделген» қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді.
«Біз АҚШ үкіметін халықаралық құқық аясында ортақ даму мақсаттарына бағытталған бағдарлама бойынша бізбен ынтымақтасуға шақырамыз», — деді Родригес.
Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп, екі елдің халқы мен бүкіл аймақ соғысқа емес, бейбітшілік пен диалогқа лайық.
«Венесуэланың бейбіт өмір сүруге, дамуға, егемендікке және болашаққа толық құқығы бар», — деп атап өтті ол.
Бұған дейін Дональд Трамп Венесуэла билігі АҚШ-пен мұнай саласын ашу және есірткі тасымалына қарсы күрес бағытында ынтымақтастық орнатпаса, жаңа соққы жасауға бұйрық беруі мүмкін екенін айтқан.
Ал The Atlantic басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті Делси Родригеске қатысты қатаң мәлімдеме жасап, «егер ол дұрыс шешім қабылдамаса, өте ауыр салдарға тап болады, бұл тіпті Мадуроға қарағанда да қатты болуы мүмкін» деген.