RoboZerde-2025: Астанада Әлихан Мақсұт атындағы I халықаралық робототехника фестивалі өтіп жатыр

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазының бастамасымен жас өнертапқыштарды қолдауға, техникалық танымын кеңейтіп, серпін беруге батытталған Әлихан Мақсұт атындағы халықаралық фестиваль өтіп жатыр.
Жас өнертапқыштарды қолдауға бағытталған дәстүрлі іс-шара ақынның марқұм ұлына арналып отыр. Әлихан Мақсұт та өзінің санаулы ғұмырында тың технология мен робототехникаға қуат беріп, құрылғы есебінде құрауға ерекше қызығушылық танытқан.
Халықаралық дода хақында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы, ақын Серікзат Дүйсенғазы:
— Былтыр көшпенділер ойыны болды, соған байланысты біздің барлық категорияларымыз ұлттық спортқа арналды. Аударыспақ, асық ату, арқан тартыс деген сияқты. Балалар арасында насихаттау үшін. Ал биыл тағы жаңалықтар енгізілді. Соның біреуі дрондардың сайысы, дрондар футболы. Әлемде қазір дрон деген өте өзекті, — деп пікір білдірді.
Халықаралық фестивальге республикамыздың әр өңірінен және Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген жасөспірімдер қатысқан. Өндір өнертапқыштар 6 бағыт бойынша құрастырған құрылғыларын сынаққа салып, шабысы мен қарымын байқап көрді.
Жарысқа қатысушылардың бірі сызық бойымен жүретін робот ұсынған. Өнертабыс иесі Мансұр Нұржановтың хабарлауына қарағанда, топ ерекше құрылғыны 5 күн дайындап шыққан.