Қытайда тапсырыс берушінің қалауы мен талабына сай құрастырылатын «робот-әйелдердің» сатыла бастады.

El.kz интернет порталы бұл құбылысты «мінсіз жар» деп атаған. Құрылғы-әйелдің қазіргі бағасы бір пәтердің құнына тең. 

Қытайда жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сөйлесе алатын, эмоциялық қолдау көрсететін және күнделікті тұрмыстық тапсырмаларды орындайтын робот-әйелдер сатылымға шықты. Әрбір сатып алушы «арманындағы серігін» сыртқы келбеті, дауысы және мінез-құлқы бойынша жеке баптай алады. Инновацияның құны, шамамен алғанда, 175 000 доллардан басталады.

Мамандардың пікірінше, бұл технологияның пайда болуы Қытайдағы демографиялық теңгерімсіздікпен тікелей байланысты. Көпжылдық туу көрсеткішін шектеу саясаты салдарынан елде ер адамдар саны артып кеткен. Сонымен қатар, заманауи жастар шынайы қарым-қатынас орнатуда қиындықтарға тап болып, виртуалды немесе механикалық қатынастарды жиі таңдайды.

Ғалымдар ескертеді: қоғам үшін қауіп

Социологтар мен психологтар «мінсіз» серіктердің танымалдығы артып келе жатқанына алаңдаулы. Олардың айтуынша, мұндай технологиялар әлеуметтік оқшаулану деңгейін арттырып, жеке тұлғалық дамуға деген ынтаны төмендетіп, отбасы туралы көзқарастарды бұрмалауы мүмкін. Бұл қауіптер — тек болжам емес, қазіргі шынайы өмірдің көрінісі.

Робот-әйелдер сатылымы этикалық және мәдени сауалдарды күн тәртібіне шығарды: технологиялар адамдар арасындағы тірі, шынайы қарым-қатынастың құндылығын сақтап қала ала ма? Сатылым көлемі артқан сайын, ғылыми ортадағы бұл тақырыптағы пікірталастар да шиеленісе түсуде.

Бұған дейін робот дәрігер алғаш рет адамның көмегінсіз ота жасағаны туралы жазған едік.