Ресейде «бала тапқысы келмейтіндерді насихаттайтын» фильмдерді көрсетуге тыйым салынады.

Ресейдің мәдениет министрлігі 1 қыркүйектен бастап «бала туудан бас тартқандарды насихаттайтын» фильмдерді көрсетуге рұқсат бермейміз деп мәлімдеді. Бұл туралы «РИА Новости» министрліктің бұйрығына сілтеме жасай отырып жазды.

Бұған дейін де фильмдер зорлық-зомбылық пен қатыгездікті «насихаттаса», ЛГБТ, есірткі дайындау туралы мәліметтерді қамтыса, сондай-ақ заңнамада тыйым салынған басқа материалдар мен кадрлардан тұрса, прокат куәлігін алмайтын еді.

Ресейдегі жаңа ережелер 2030 жылдың 1 қыркүйегіне дейін бекітілмек.