Президент Үкіметке туристер баратын жердің барлығын ретке келтіріп, қызмет сапасын жақсартуды тапсырды
10.07.2025

фото: informburo.kz
Мемлекет басшысы Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Бұл туралы Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды.
Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристер баратын бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.