10 маусымда бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды деген ақпарат тарады. 

Жақсылықов Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл жайлы ВЫХОД К ПРАВДЕ телеграм арнасында жазылды.

Тергеп-тексеру шеңберінде басқа ақпарат жария етілмейді. Ал, полиция департаменті әзірге пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.