Ағылшын тіліндегі Oxford сөздігі биылғы жылдың басты сөзін анықтады. Тіл мамандары зерттей келе, «rage bait» тіркесін 2025 жылдың сөзі деп таныды. Бұл туралы Oxford languages ресми сайтында жазып, аталмыш тіркесті түсіндірді. 

Raig bait (зат. ес.) (rage — ашу) және (bait — арбау) — интернетте әдейі ашу немесе наразылық туғызу үшін жасалатын, яғни араға от салып, арандатуға бағытталған контент. Мұндай контент қаралымды көбейтіп, рейтиңде озу мақсатында жарияланады. Аталмыш формадағы контентті жариялау адамды ашу-ыза құрбанына айналдырудың ең одай әдісі.

Үш күнге созылған сауалнамада 30 000-нан аса адам rage bait сөзіне дауыс берген. Ұйым берген дерекке қарағанда, аталмыш тіркесті қолдану жиілігі 12 айда 3 есе артқан. Биыл әлемде саяси-әлеуметтік толқулар, онлайн пікірталас, медиаэтикаға қатысты дау жиілеп кетті. Сондықтан сарапшылар осы проблемаға қатысты ұғым «жыл сөзі» болуға лайық деп шешті.

«rage bait» тіркесінің 02.23-08.25 ж. аралығында қолданылу жиілігі / дереккөз: oxford university

«Rage bait деген сөздің пайда болып, қолданысының артуы — онлайн кеңістіктегі манипуляция туралы түсінігіміздің қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Бұрын интернет біздің назарымызды қызық қойылған тақырып арқылы ұстаса, қазір біздің эмоциямызды басқаруға көшті.  Былтырғы таңдауымыз — brain rot «мидың шіруі» деген ұғым болған, ал биыл әлеуметтік медиадағы басты тақырыпты назарға алдық. Ашу-ызасын, эмоциясын басқара алмаған адам технология алгоритмінің құрбаны болатынын осы тіркес арқылы түсіндіргіміз келді. Цифрлық платформадағы санамыздың өзгерісі психика тұрғысынан шаршауға әкеледі», — деп пікір білдірді Oxford Languages президенті Каспер Гратволь.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай