Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея тұрғындарына арналған «Бостандық дауысы» радиостанциясының тарауын уақытша тоқтатты. Бұл шешім Пхеньянмен қарым-қатынасты реттеуге бағытталған..

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауына қарағанда, радиостанция жұмысы 15 жылда алғаш рет тоқтап отыр. Радиоарна 2010 жылы оңтүстіккореялық «Чхонан» әскери кемесі суға кеткеннен кейін іске қосылған еді.

«Бостандық дауысы» радиостанциясы Сеулдің Солтүстікке қарсы психологиялық соғыс жүргізуіне арналған құрал ретінде пайдаланылды..

Айта кетелік, екі Кореяның дауы әлі күнге дейін ресми түрде шешім таппаған , себебі 1950–1953 жылдардағы қақтығыс бейбіт келісіммен емес, тек бітіммен аяқталған.

Маусым айында қызметіне кіріскен Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мен әкімшілігі шекарада Солтүстік Кореяға қарсы пропаганда хабарларды өшіріп, екі ел арасындағы диалогты қайта жандандыруға қадам жасады.

Сондай-ақ, Ли қарым-қатынасты жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдауға уәде беріп, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Пхеньян әзірге бұл ұсынысты қабылдамаған.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай