«Не салып тастағаны белгісіз». Франциядағы өткен фестивальде белгісіз топ 140-тан астам әйелге шприц сұққан

Франциядағы өткен фестиваль кезінде 140-тан астам әйелге шприц сұғылған.
Францияда жыл сайынғы Fête de la Musique мерекесі кезінде әйелдерге жаппай ине сұқпақ болған 12 адам ұсталды. Қазір тергеу басталды.
— Францияда дәстүрлі fête de la Musique музыка мерекесіне қатысушылар шприц пен ине шаншып алған белгісіз топтан зардап шекті. Мұндай шабуылдар туралы фестивальдің 145 қатысушысы хабарлады, деп жазды Париждегі ішкі істер министрлігі.
Министрлік өкілдерінің хабарлауына қарағанда, шабуылдар әлеуметтік желіде жарияланған «әйелдерді азаптау һәм ұру» үндеулерінен кейін болған.
— Әзірге зардап шеккен әйелдерге не салынғаны белгісіз. Дәрігерлер тексеріп жатыр, деп жазады AFP. Қазір 12 күдікті ұсталды.
Агенттіктің хабарлауынша, Францияның батысындағы Ангулем аймағында да күдікке ілінген төрт азамат 50-ге жуық әйелге шабуыл жасаған.
Орайы келгенде айта кетейік, 21 маусымда өткен жыл сайынғы Fête de la Musique фестивалі кезінде зорлық-зомбылықтан 1500-ге жуық адам зардап шекті, олардың 14-і ауыр жарақат алды. Парижде 19 жастағы жігітке пышаққа ілінді. Бүкіл ел бойынша 305 адам ұсталды, деп хабарлады бұдан Франция ІІМ-і.