Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин аулында жоғалып кеткен отбасыға қатысты дерек айтылды. Журналист Жұлдыз Қайратова өз парақшасында арнайы видео-сұхбат жариялап, жоғалып кеткен отбасының иесі Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Асила Мұқанғалиеваның пікірін ұсынды.

Сұхбатта хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Наурыздың ұялы телефоны әлі қосулы тұр деп айтылады. Бірақ туысы Наурызға хат жазбадым, тек мессенджерге қай уақытта кіргенін бақылап отырдым деп мәлімдейді. Сондай-ақ марқұм Мақсот Қарабалиннің қызы, жоғалып кеткені хабарланған Ақбаянға қатысты да пікір білдіреді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жұлдыз Қайратқызы (@kairatovna_zhuldyz)

Еске сала кетелік, бұдан бірнеше күн бұрын Мақсот Қарабалин мен Насип Утешкалиеваның мәйіті табылды. Тергеушілер марқұмдардың денесін өз үйінің ауласынан, нақты айтқанда, сарайда көміліп, үстіне жиһаз қойып бастырылған күйінде тапқан. Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, кісі өлтіру белгілері байқалғанын жария етті:

«Қызылқоға ауданында бұған дейін Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, полиция оны іздестіріп жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.

Марқұмның балаларына қатысты нақты дерек жоқ. Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуына қарағанда, алдымен, Ақтаудан жұмыс таптым деп жалғыз ұлы Науыз хабарсыз кетеді. Қызының үлкені Мирамгүл Мақсотқызы үйінде, ата-анасымен бірге жоғалады. Ал екінші қызы Ақбаян болса 5-ші қарашада күйеуі Сұлтанға еріп жолға шыққан, сол бойы үйіне оралмаған. Ақбаян Мақсотқызы — үйлі-баранды, Сұлтан екеуінің бес баласы бар.