Мысыр үкіметі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған жобалар бойынша жалпы сомасы 1,8 млрд доллар келісімге қол қойды. Бұл туралы Elordamedıa Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаны норвегиялық Scatec компаниясы мен қытайлық Sungrow компаниясы берлесе іске асырмақ. Египет 2030 жылға қарай жалпы электр энергиясын өндіру көлемінде жаңартылатын энергия үлесін 42%-ға жеткізуді көздеп отыр, бірақ шетелдік қосымша қолдау болмаған жағдайда бұл меженің қауіпті екені де айтылды.

Нақтылай айтсақ, Египет үкіметінің бастамасымен Scatec компаниясы Минья қаласында (Жоғарғы Египет)  күн электр станциясын және энергия сақтау жүйелерін салуды жоспарлап отыр. Генерациялау қуаты – 1,7 ГВт, ал аккумуляторлық сақтау жүйелерінің жалпы сыйымдылығы – 4 ГВт⋅сағ.

Сонымен қатар  Sungrow компаниясы Суэц каналы экономикалық зонасында аккумуляторлық батарея зауытын салуды көздейді. Зауыттың кейбір өнімдері бірінші жобада қолданылады.

Келісімге сәйкес Scatec компаниясы жалпы қуаты 1,95 ГВт және аккумуляторлық сақтау жүйелері 3,9 ГВт⋅сағ болатын электр энергиясын сатып алу келісіміне қол қойды.