Мысыр билігі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарына жаңа талап қойды. Елден барған туристер енді Шарм-эль-Шейхке жаңа ережелерді ескере отырып қана кіре алады.

«Мысыр Сыртқы істер министрлігінің жаңа талаптарын жариялады», — деп хабарлады «Курсив».

Енді Қазақстан азаматтары 21 жасқа дейінгі балалар туыстарымен (әже, ата, тәте, көке, ағасы, әпкесі) бірге сапарға шықса, бір ата-анасынан нотариалды расталған келісімхат қажет. Онда ел мен сапар мерзімі көрсетілуі тиіс.

Құжаттар тізімі:

  • Баланың туу туралы куәлігі;
  • Туысының паспорты;
  • Орыс және ағылшын тілінде нотариалды расталған келісімхат.

Сонымен қатар аталған елдердің азаматтары егер толық туристік пакетсіз (тек әуе билетімен) баратын болса, онда:

  • Мысыр елшілігінде алдын ала виза рәсімдеуі,
  • Ұлттық қауіпсіздік қызметінен арнайы рұқсат алуы қажет.