Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан шығуға жол ашатын негізгі келісімдерді жою үдерісін қолға алды. Бұл туралы елдің вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі Михай Попшой «Молдова радиосы» эфирінде хабарлады.

Министрдің айтуына қарағанда, билік ТМД Жарғысын, ұйымды құру туралы келісімді және оған қатысты қосымшаларды күшін жою рәсімінен өткізіп жатыр. Құжаттар ресми түрде жойылған соң, Молдова заң жүзінде ТМД мүшелігін тоқтатады. Дегенмен, Кишинев ұйым жұмысына іс жүзінде бұған дейін де қатыспаған еді.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай