Elorda media group

Қазақстанда арнайы заң қабылданғаннан кейін скутер тізгіндегендерге айыппұл салынады

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов тепкіншек тізгіндеген азаматтарға қандай жағдайда айыппұл салынатынын мәлімдеді. Сонымен қатар көліктің жылдамдығы қалай бақыланатынына қатысты түсінік берді.

Сәденовтың хабарлауына қарағанда, Қазақстан бойынша ұзындығы 500 шақырымға жететін веложол салынғанын.

«Заң бар. Заң біздің қаруымыз. Инфрақұрылым мен тұрақ бойынша жаңа нормалар қабылданғанды. Біз де нормаға сай жұмыс істейтін боламыз. Жылдамдығын арттырған скутердерді бақылау және жүйелеуге арналған құралдарымыз да жеткілікті. Бірақ, алдымен, бізге бұл бағытта заң қабылдау керек«, —  деп мәлім етті журналистерге.

Орайы келгенде айта кетейік, Қазақстанда скутерлер 2022 жылдан бастап көлік ретінде танылған. Тротуарлардағы скутерлердің жылдамдығы сағатына 6 шақырымнан аспауға тиіс. Министрдің өзі атап өткендей, қазір қоғамда көптеген мәселелер бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – скутерлерге арналған инфрақұрылымның болмауы.

Естеріңізде болса, саясаттанушы Ербол Еділовтің мәлімдемесі жайлы жазған болатынбыз. Маман Францияны үлгі етіп, Қазақстанда тепкіншекпен (cамокат) қатынауға тыйым салуды ұсынған еді.

Саясаттанушы Ербол Еділов электр скутерлерін жалға алуды толық тоқтатқан қала ретінде Парижді атап, көпке үлгі етті.  Франция астанасының тепкіншекпен қатынауға тыйым салған алғашқы қала екенін еске салды. Мұнымен қоса, қала тұрғындарының мұндай шешімге дауыс беру арқылы жеткенін мәлімдеді.

Саясаттанушының айтуына қарағанда, Францияда тепкіншектің кесірінен 456 адам апатқа ұшырап, үшеуі қайтыс болған.

«Бұл енді мопедтер мен скутерлердің жалпы статистикасы, ал маңайындағы елді мекендерді есепке алмасақ,  Париж қалқының саны Алматымен пара-пар ғой.  Бірақ біздегі қаза тапқандар саны көбірек. Мұның бәріне тоқтам қоятын уақыт келген жоқ па?»,- деді  саясаттанушы.

Сонымен қатар, сарапшы бейне, фотосурет түсіретін тепкіншектерге қарсы шағым түсіруге болатын ресурс құруды ұсынды.