Meta компаниясы AI дамуын жеделдетуді көздеп, сондай-ақ серверлер мен қоймаларды жалға алу мақсатында Google Cloud көмегіне жүгінді. 

Bloomberg хабарлауына қарағанда, Meta алты жылға қаржысы 10 млрд болатын келісім жасасқан. 

Орайы келгенде айта кетелік,  бұл компаниялар арасындағы ең ірі әрі алғашқы келісімшарт.

Миллиардтаған доллар болатын келісім Meta-ға мол мүмкіндік береді. Көмпания мұндай бетбұрыс арқылы аса ауқымды ЖИ жобаларын жүйелей алады, есептеу қуатын еселейді. Соның ішінде қоймаларды, желілік және басқа Google Cloud қызметтерін алуға жол ашылады, — дейді инсайдерлер.

Бір айта кетерлігі, Google Cloud нарықта жоғары сұранысқа ие. AWS және Azure-ден кейін үшінші орында.

Google Cloud бұған дейін де Meta-ға серік болған. Атап айтқанда Meta-ның ашық кодты жасанды интеллект модельдерін (Llama) VERTEX AI платформасы арқылы әзірлейтін мамандарға мүмкіндік ашқан.

Мандип Сингх пен Роберт Биггар сарапшылары Meta-ның даму саясатын саралады. Мамандардың айтуына қарағанда, компания қазір meta-іздеу, кодтау, белгілі бір уақытқа тән мәліметтерді жинау және аудару саласын дамытуға тер төгіп жатыр. Сонымен қатар Llama моделінің логикалық ойлау қабілетін жақсартуға аса маңыз танытқан.