«Мұнай тасымалдауға рұқсат жоқ». Табиғи ресурстарға аса бай Венесуэланың мұнай эспорты доғарылды
Венесуэла президенті мен оның жұбайы АҚШ-қа әкетілгеннен кейін елден шикі мұнай экспорты іс жүзінде парализован күйге түсті. Бұл туралы халықаралық БАҚ-қа сілтеме жасап ELORDAMEDIA хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, соңғы күндері мұнай экспорты АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін күрт қысқарған. Бүгін Венесуэла порттарынан бірде-бір мұнай танкері шықпаған.
Қазіргі уақытта порттарда шикі мұнайға толы төрт ірі танкер жөнелтілуін күтіп тұр. Алайда кеме капитандары мұнайды елден шығаруға рұқсат ала алмай отырғандарын мәлімдеген.
Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, экспорттың тоқтауы ел экономикасына айтарлықтай соққы болуы мүмкін. Өйткені Венесуэла бюджетінің негізгі бөлігін мұнай сатудан түсетін табыс құрайды.
Сарапшылар жағдайдың одан әрі ушығуы энергетикалық нарыққа да әсер етуі ықтимал екенін жоққа шығармайды.