Мәдениет және ақпарат министрлігі Әуезов театрының реконструкциясына қатысты жағдайға пікір білдірді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының реконструкциясы тоқтап тұр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Министрліктің мәліметіне қарағанда, театрды қайта жөндеу тоқтаған жоқ.
«Қазір жоба жаңа қаржы бөлінуін күтіп тұр. Осыдан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жөндеуді жалғастыру үшін қажет қаражат бөлінеді. Нысандағы реконструкция уәкілетті мемлекеттің тұрақты бақылауында», — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар реконструкция барысында барлық талап сақталып, театрдың тарихи және мәдени құндылығы толық қорғалатыны аталды.
Бұған дейін Әуезов театрының реконструкциясы тоқтап тұрғаны жайлы, құрылыс ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін жазған едік. Журналист Полина Шиманскаяның айтуына қарағанда, жөндеуге жауапты BI Group құрылыс компаниясы қаржыландырудың болмауына байланысты құрылысты уақытша консервациялауға мәжбүр болған. Реконструкция 45 миллиард теңге қаржы бөлінген. Театр ғимараты толық жөндеуде болуының салдарынан актерлер өз сахнасында қойылым қоя алмай, өзге театр сахнасында өнер көрсетуге мәжбүр.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай